jasqazaq.kz

Енді жеке куәлігін өзімен алып жүрмеуге болады

05 қараша 2019, 17:00

Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мамандары қосымшадағы қосымша қызметтерді дайындады. Құжат Android және iOS платформаларындағы eGov mobile қолданушыларының барлығына қолжетімді.

«Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Ендігі, мысалы, нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Мұнан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», — деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде.

Қосымшаны дайындаушылардың сөзінше, eGov mobile жұмыста, салық, елшілік және өзге де ведомстволарда көрсету үшін қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін ЭЦҚ болуы және eGov порталындағы жеке кабинетте мобильдік телефон нөмірі тіркелген болуы қажет. Мұнан кейін соталмағаны туралы анықтама; жылжымайтын мүлкінің бар не жоқ екені туралы анықтама; есімін, тегін өзгерткені туралы анықтама; неке туралы және некені бұзу туралы анықтамалар; зейнетақы қорынан үзінді көшірме және басқа да құжаттарды жүктеп алуға болады.

Осылайша, мобильдік қосымшадан қажетті анықтамаларды кез келген уақытта жүктеуге болады. Қолдану қызметі барынша ыңғайлы болуы үшін, «Электрондық үкімет» порталының веб-әзірлеушілері Face ID немесе Touch ID (саусақ таңбасы арқылы қол қою) кіру жүйесін әзірледі. Қайтадан кірген кезде электрондық-цифрлық қолтаңбаны енгізудің қажеті болмайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда