jasqazaq.kz

Енді OLX-те бала да сатылады

28 мамыр 2019, 10:01


OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде Ақтауда үш бала сатылады деген жарнама пайда болды. 

ҚазАқпарат  хабарлағандай, сайттың ақпаратына сүйенсек, хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, 13:18-де салынған. Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі. Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған. Хабарламада үш бала арзан бағамен сатылатыны көрсетілген. Тіпті үш баланың суреті де салынған. Сайттың хабарлауынша, полицейлер бейресми сұхбат кезінде әлдекім жай қалжыңдамақ болған шығар деп айтқан. Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғыны арнайы қызметтердің жылдамдығын байқап көру мақсатында осы сияқты хабарлама берген болатын. Сонда құқық қорғау органдары ақпаратты жылдам тексеріп, ҚР Қылмыстық кодекстің 12-бабы («Адам саудасы») бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда