jasqazaq.kz

Енді коллекторлардың жосықсыз әрекеттеріне жол берілмейді

03 наурыз 2021, 14:12

Борышкерлердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасы бүгін Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды. Айталық, коллекторлардың бөтен нөмірден қоңырау шалуына тыйым салынған. Борышкерлердің әрекетін бейне-аудио файлдарға жазу кезінде де арнайы шектеулер енгізіледі. Заң бойынша араға үшінші тұлғаның араласуына рұқсат жоқ. Бұл мақсатты көздейтін құжат Мәжілісте өткен жылдан бері қаралып келеді. Дәлірек айтқанда, былтыр желтоқсан айында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленді.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия