jasqazaq.kz

Енді қазақстандықтар бір мезетте бірнеше банктен несие ала алмайды

27 сәуiр 2022, 17:15

Қазақстандықтардың несиесі туралы ақпарат енді бір күннің ішінде бірыңғай базаға енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды», — деді Еспаева.

Егер түзетулер мақұлданса, онда бірінші несиелік бюро азаматтың несиеге рұқсат алғанын жазады. Ал бюродан кейін адамның қарыз жүктемесі есептелетін болады. Қарыз алушының табысы жеткіліксіз деп танылған жағдайда, оған басқа несие беруден бас тартылады. Бұл, Дания Еспаеваның айтуынша, интернеттегі алаяқтықты да жоюға мүмкіндік береді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр