jasqazaq.kz

Енді Қазақстан халқы санын онлайн режимде көруге болады

13 желтоқсан 2017, 14:03

Елімізде Қазақстан халқы санын онлайн режимде көрсететін есептеуіш іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан халқы санының есептеуіші Статистика комитетінің сайтында орналасқан. Енді интернет пайдаланушылар аталған сайтқа кіріп, ел халқының нақты санын онлайн режимде көре алады.

Бұған қоса, жаңа туған сәбилер мен қайтыс болғандар, иммигранттар мен эмигранттар, ер адамдар мен әйелдер саны жеке-жеке көрсетілген.

ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, аталған жүйе «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында әзірленді.

«Әрине, бұл тың жаңалық емес, себебі есептеуіштің әлемде аналогтары жетерлік. Десек те, қазақстандық жүйенің бірегейлігі – нақтылығында. Басқа елдердің есептеуішінде бір жылдағы демографиялық өзгерістер есепке алынса, біздікі ай сайынғы негізде жұмыс істейді. Яғни дәлдік, нақтылық жоғары бізде», — дейді Айдапкелов есептеуіштің таныстырылымында.

Қазақстан халқы санының есептеуішін 71 жастағы Ерболат Мұсабек әзірлеген. Жаңа жүйені әзірлеуге алты ай уақыт кетіпті.

Айдапкелов Қазақстан халқы санының есептеуішін әзірлеуге мемлекет бюджетінен бір тиын да жұмсалмағанын атап өтті. Жүйе комитет қызметкерлерінің көмегімен іске қосылған. Болашақта есептеуіш жетілдіріліп, облыстарда да іске қосылмақ.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды