jasqazaq.kz

Енді бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады

21 ақпан 2020, 16:52

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев жұмыспен қамту саласындағы жаңа өзгерістер туралы айтып берді.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласында enbek.kz электронды еңбек биржасы жобасы мен электронды еңбек шарттарын есепке алу жүйесі жүзеге асырылуда. «Еnbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы екі жылда 1 млн астам адам жұмысқа орналасқан. Портал ашылған сәттен бері 913 мың жұмыс іздеуші мен 192 мың жұмыс беруші тіркелген. Дәл осы еңбек биржасы ашылған соң еліміздегі жұмыспен қамтылғандар саны 17% артты», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында медициналық ЖОО мамандарына өздері баратын елдімекендерді таңдау мүмкіндігі берілген. «Бұрын елдімекенді таңдау үшін әкімдіктерге жүгіну қажет еді. Биыл электронды еңбек биржасына мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындарын шығаруды жоспарлап отырмыз. Республика бойынша барлық бос жұмыс орындары осы жүйеге топтастырылады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен тиісті жұмыс жүргізілді», — деді Н. Мұқышев. Ал «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» арқылы бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады. «Бұрын жұмыс берушінің талабымен бірнеше құжат жинауға тура келетін. Шарттардың электронды түрде сақталуы жұмыс берушілердің шартты басып шығару және сақтау шығындарын, осы процесті жүргізу үшін штатта бірнеше адамның болуы сияқты шығындарын азайтады», — деді вице-министр. Аталған пилоттық жоба 2018 жылы ашылды және бұл жүйеге 26 мың ұйым тіркелді, 1 млн астам еңбек шарттары енгізілді. «Бұл жобаның енгізілуі еңбек құқықтарының сақталуына, жалған құжат жасау қаупін азайтуға көмектеседі. Биыл Еңбек кодексіне енгізілген түзетулер қабылданып, шарттарды осы жүйеде жүргізу міндетті болады деп сенеміз. Бұдан басқа, біз қызметкердің жеке ісін автоматтандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді Н. Мұқышев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия