jasqazaq.kz

Енді алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін

23 желтоқсан 2019, 13:57

Борышкер әке алименттен қашса, сот орындаушылар қарызды ер адамның ата-анасынан өндіріп алуы мүмкін. Әділет министрі Марат Бекетаев Италияның тәжірибесін Қазақстанда енгізуді қолдайтынын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Шетелдік тәжірибені зерттеу кезінде Италияның өте бір қызықты тәжірибесіне тап болдық. Борышкер, яғни, бұрынғы күйеуі алимент төлемесе, Италияның заңы бойынша ол қарызды борышкердің ата-анасына төлетуге болады. Яғни, судья «ата-ана осындай жетесіз бала тәрбиелесе, онда оның қарызын төлеуге міндетті» деген шешім шығарады. Оның үстіне, ол бөтен бала емес, ол немере. Ал, ата-әже немерелерін қамтамасыз етуі керек», — деді Бекетаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Министр бұл ұсыныс Қазақстан үшін тың екенін, сондықтан жан-жақты талқылауды қажет ететінін атап өтті.

«Бұл тәжірибені қазір жалпыұлттық талқылауға шығаруды жоспарлап отырмыз. Әрине, борышкер өз қарызын өзі төлеуі керек, ата-әжесіне төлету дұрыс емес деген пікірлер де бар. Бірақ, қызық тәжірибе, қарап көрейік», — деді ол.

Бекетаев бұл норманы заң жобасына енгізу оң нәтиже береді деп санайды.

«Егер ата-анасы зейнеткер болса, олардың мүлкі, яғни, пәтері, көлігі бар. Немерелері мектепке киетін киім таба алмай отырғанда, ата-әженің мүлкін пайдалануға болады»,— деді министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде