jasqazaq.kz

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

21 ақпан 2020, 16:25

Ол 2017 жылы Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы лауазымын атқарған кезде 16 жер учаскесінің даму жоспарын заңсыз мақұлдаған деген күдікке ілінді.

Арнайы баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, аудан әкімінің орынбасары Рысбеков ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол 2017 жылы Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы лауазымын атқарған кезде 16 жер учаскесінің даму жоспарын заңсыз мақұлдаған деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, бұл құжаттар Панфилов ауылдық округіндегі Алматы халықаралық әуежайы маңында орналасқан 1 гектар жер телімдерінің Жұмабаев және де басқа да тұлғалардың атына жекеменшікке шығару құқығын тіркеуге және заңсыз жекелеген құжаттарды дайындауға негіз болды, — деді Биғайдаров.
Ол Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандығын айтты. Бүгіндері бұл тергеу ісі қарқынды жүргізіліп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия