jasqazaq.kz

Еңбекке жарамсыздық парағын eGov.kz арқылы алуға болады

29 қантар 2018, 11:55

Бір-екі айдың ішінде еңбекке жарамсыздық парағын eGov.kz электронды үкіметінің сайты арқылы алу мүмкін болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Бірінші тоқсанның соңына қарай электронды үкімет порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен туберкулез, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтамаларды беру жүйесі іске қосылады», — деді Біртанов мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтарында Ақмола, Қостанай, Батыс Қзақстан облыстарында денсаулық сақтау жүйесіндегі қағазбастылықтан бас тартуға мүмкіндік беретін жүйені енгізу басталды.

Ал ақпанда медициналық қызметтер туралы SMS-хабарлама сервисі іске қосылады. Бұдан бөлек жыл соңына дейін әкімдіктермен бірге денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық ақпараттық жүйемен қамту жоспарланып отыр.

sputniknews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды