jasqazaq.kz

Еңбек министрі: Отағасы жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасына АӘК төленбейді

09 желтоқсан 2019, 15:27

2020 жылдан бастап жұмысқа тұрудан бас тартқан азаматтардың тұтас отбасына Атаулы әлеуметтік көмек төленбейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Егер де осы АӘК тағайындалған отбасында еңбекке жарамды азаматтар болса, ол кісілерді біз жұмыспен қамту шараларына тартамыз. Өз кезегінде ол адам келіседі де, сөйтіп, әлеуметтік шарт жасалады, яғни бұл бұрыннан бар тәртіп. Алайда Атаулы әлеуметтік көмекті алып жүріп, ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда, бүгінде тек еңбекке қабілетті адамға ғана қатысты әлеуметтік көмек тоқтатылған болатын. Ал енді еңбекке жарамды адам жұмыстан бас тарса, онда жаңа жылдан АӘК бүкіл отбасыға тоқтатылады. Осы орайда, еңбекке жарамды отағасының жауапкершілігін арттырамыз. Балалардың әкесіне, яғни тепсе темір үзетін жігітке жұмыс ұсынамыз. Жұмысқа бармаса, АӘК-тен бүкіл отбасы айырылады», — деп түсіндірді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда