jasqazaq.kz

Еңбек министрі Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы айтты

05 желтоқсан 2022, 16:29

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елдегі кедейлік деңгейіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова:

«Барлық елде кедейлік бар. Абсолютті кедейлік және салыстырмалы кедейлік бар. Егер Қазақстанды қарастырсақ, бұл жерде салыстырмалы (кедейлік). Жалақы өсіп жатыр, сонымен бірге әлеуметтік төлемдер, қажеттілік пен баға да өсіп жатыр. «Кедейлік болмайды, кедейлік жоқ» дей алмаймыз. Дегенмен адамдарды қолдап, кедейліктің болмауына көмектесуге болады».

Министрдің айтуынша, кейбір қазақстандықтар әлеуметтік көмектің бар екенін білмейді. Ол көпбалалы қазақ отбасыларының біріне қатысты жағдайды айтып, ерлі-зайыптылардың айына 110 мың теңгеге жуық ақшасын алмағанын айтты.

Тамара Дүйсенова:

«Мен көпбалалы отбасында болдым. Олар ай сайын жәрдемақы ретінде шамамен 110 мың теңге алуға тиіс еді. Отбасы оны білмей, 20 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Енді алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілмек. Бізде Қазақстанда 200-ден астам заң бар. Әркім өз құқығын білуі керек, нені талап ете алатынын білуі керек. Сосын таңдау — өз еркі».

Бұған дейін мәжілістегі үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары орташа табысқа байланысты алынатынын мәлімдеген еді. Мұндай өзгерістер Әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде