jasqazaq.kz

Еңбек министрі Аружан Саинның сынына жауап берді

16 шiлде 2020, 17:35

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге жәрдемақы туралы Аружан Саинның сынына жауап берді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 42500 теңгенің балалы отбасына жетпейтінін, жәрдемақыны бала санына қарай тағайындау қажеттігін айтқан еді.

«42 500 теңге – еліміздегі жалғыз әлеуметтік төлем емес. Бізде бюджеттен 39 әлеуметтік төлем, ай сайын шамамен 300 млрд теңге төленеді. Оның ішінде 8 жәрдемақы мен 3 төлем – балалы отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бала туғанда берілетін төлем, бала күтімі және биыл бала санына қарай тағайындалатын жаңа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы енгіздік. Бүгінде 1 млн 700 мыңнан астам бала тәрбиелеп отырған 390 мың көпбалалы отбасы осы жәрдемақыны алып отыр», — деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, министр табысы төмен отбасылардың адам санына қарай тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек алатынын еске салды.

«Қазіргі уақытта 128 мың отбасы немесе 660 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады, оның ішінде 442 мың бала бар. Олар да мемлекеттің кепілдендірілген әлеуметтік пакетін алады. Сондықтан, балалы отбасыларға әлеуметтік төлем саясаты жүзеге асырылып келеді. Және балаларға қатысты төлемдер өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты. Өткен жылы бұл шығындар 372 млрд теңге болса, биыл – 581,5 млрд теңге бөлінді. Дегенмен, әр төлемнің негіздемесі болатынын түсіну керек. 42 500 теңге – мемлекеттің жұмыс істейтін азаматтарға деген аз да болса көмегі. Егер бір отбасында бірнеше адам жұмыс істесе, тиісінше әрқайсысына 42 500 теңгеден беріледі», — деді Біржан Нұрымбетов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия