
Нұр-Сұлтан қаласында Кәсіподақтар жетекшісі мектебінің (менеджемент) жаңа авторлық жобасының кезекті модулі өтті.
Бас қосуда кәсіподақтар қозғалысының жетекшілері медиация төңірегіндегі мәселелерді және қайшылықты шешу жолын талқылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – даулы мәселе және қайшылық туындаған жағдайда оны медиация тәсілімен шешуге дағдылану. Ол үшін кәсіподақ жетекшілері даулы жағдайды қалай реттеуді білгені жөн. Барлық бағдарлама нақты жағдайда және тәжірибе дағдыларына сай жүйеленген. Мүмкіндікті кейбір адамдар қайшылық туындағанда ғана емес, келіссөз немесе өзара диалог барысында да пайдалана алады.
Екі күндік тренингте тыңдаушылар медиация не екенін, алгоритммен жұмыс істеу, медиацияның негізгі құрылымын үйренді. Дау-дамайдың негізіне, қайшылықтың деңгейіне үңіліп, оның неге және қалай өрбитініне, даудың шығуына не түрткі болатынын, соның түп-төркінін оқып үйренді.
Ирина Виговскаяның айтуынша, халықаралық аккредитациядан өткен кәсіби медиаторлар жыл өткен сайын дауды шешу жолы ретінде медиацияны пайдалану жолын көбірек таңдауда.
«Мынадай деректер бар: көптеген даулы мәселе сотқа жетпей-ақ келісім комиссиясында шешіледі. Дауды реттеу үшін медиаторлар шақырылады. Сондықтан сотқа дейін еңбек дауының аз бөлігі ғана жетеді. Ал коммерциялық дау, отбасылық, әлеуметтік медиация ше? Көптеген, әсіресе ірі компаниялар мақсатты жұмыс істегендіктен мәселені сотқа дейін шешуге тырысады», – дейді Ирина Виговская.

Кәсіподақтар жетекшісі мектебінің жобасы Қазақстандағы British Embassy Nur-Sultan -ның бастамасымен жүзеге асырылған. Басты ұстанымы еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының деңгейін көтеру. Ұлыбритания елшілігінің саяси офицері Ларисы Волкованың айтуынша, жобаны іске асыру жоғары кәсіби деңгейде іске асырылуда.
«Біз кәсіподақтар қозғалысының кәсіби жағынан өскенін, жетістіктерімізді өз көзімізбен көргіміз келеді. Жалпы алғанда осы жоба кәсіподақтардың кәсіби дағдысын көтеруге бағытталған: қаржылай сауаттылық, менеджмент жобаларын үйрету, медиация т.б. Осының барлығы еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына, сондай-ақ еңбек дауларының алдын алу мен қарсы тұру, кәсіпорындардың тұрақтылық деңгейін көтеруге септігін тигізеді», – дейді Лариса Волкова.
Бұрынырақта кәсіподақ жетекшілері қаржылық менеджемент, заң жағынан сауаттылығы және еңбек кодексіне қатысты алғашқы модулден өткен. Барлық бағдарлама қолданбалы характерге ие.
Кәсіпорындардың алғашқы кәсіподақ ұйымдарының, аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің, салалық кәсіподақ ұйымдарының, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы жетекшілері мен қызметкерлері, омбудсмендер, медиаторлар т.б. мектептің алғашқы қатысушылары болды.
Жобаны Қазақстандағы British Embassy Nur-Sultan-ның жәрдемдесуімен «Eurasian Center for People Management» ұйымдастырды.
Жобаның авторы – Ербол Исмаилов. Ол әлеуметтік-еңбек қатынастыры саласының сарапшысы. Халықаралық еңбек ұйымы жанындағы International Laborand Employment Relations Association (ILERA) мүшесі. Кәсіподақ жетекшісі мектебінің авторлық куәлігіне ие. Сонымен қатар, Әлеуметтік тұрақтылық индексі авторларының бірі.