jasqazaq.kz

Еңбек ақысын талап еткен жұмысшылар мұнарадан секірмек болды

04 қараша 2019, 23:07

Жамбыл облысында еңбек ақысын ала алмаған жұмысшылар су мұнарасының ұшар басына шығып алды. Олар бас мердігер маңдай тер ақымызды бермесе, биіктен құлаймыз деп мәлімдеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Адал еңбегіміздің ақысын сұрап тұрмыз. Не болып жатыр? Кетсін!

Бас-аяғы бес адам 2 млн 180 мыңға тапсырыс алған. Олар тротуар төсеп беруі тиіс. Алайда жұмыстың аяқталуына жақын қалғанда бас мердігер жұмысқа көңілі толмайтынын айтып, бәрін бұзғызып, қайта істеуді тапсырыпты. Ашуланған жұмысшылар кәсіпкерден осыған дейін еткен еңбектің ақысын беруді талап етеді. Мердігер оған көнбеген. Амалы таусылаған бес адамның екеуі биік су мұнарасына шығып қиғылық салды. «Есеп айырыспаса – өлеміз» деген екеуді ешкім төмен түсіре алмай әуреге түсті. Арадағы жеті сағаттық келіссөзден кейін бас мердігер маңдай тер ақысының бір бөлігін беруге келісті. Яғни, сұралған 1 млн. 300 мың теңгенің 800 мың теңгесі қолма-қол қайтарылды. Содан кейін шу көтергендер жерге түсті. Ал кәсіпкер жұмысшылардың бұл әрекетін «бопсалау» деп отыр. Оның айтуынша, олар сапасыз құрылыс жүргізген.

Жұмағұл Байменов, бас мердігер:

— Заңсыз алып тұр, бұл бопсалау болып тұр. Бізге әлі акті келген жоқ. Істелген жұмыстарына енді алып келеді. Акті болмағандықтан, біз ақшаны төлей алмаймыз. Бұлардың істеген жұмысы бар, бірақ дұрыс емес. Сондықтан техқадағалау қабылдамай, бұзып тастады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде