jasqazaq.kz

Еңбек адамы

15 шiлде 2022, 11:27

Әдетте білектің күшімен, найзаның ұшымен Қазақтың ұлан-ғайыр даласын қорғап, сақтап қалған батыр бабаларды жиі еске түсіреміз. Ал бергі тарихта сол далаға жан бітіріп, мал өсіріп, егін жайқалтқан, өндіріс ошақтарын ашып, еңбек көрігін қыздырған қайраткерлерді сирек ауызға алатын болдық. Бұл ғасырлар бойы адамзат өркениетінің қайнар көзі, бүкіл тіршіліктің бастауы болған Қарекетке деген құрмет пен ізеттің азайғанын білдірсе керек. Әйтеуір, қазіргінің қаһарманы, биік мінберден де айтылып жүргендей, жан қинап, жұмыс істемей-ақ, ертелі-кеш ізденбей-ақ, инемен құдық қазбай-ақ, «жұлдызы жанғандар». Ал кешегі еңбекқор-майталманның шаруаға деген көзқарасы, тағылымды тәжірибесі, өсиетке толы үлгі-өнегесі бүгінгі ұрпаққа аса қажет боп тұр.

Жақында ғана жарық көрген «Киелі Күрті жері» атты кітап осындай ойға жетелейді. Өзі энциклопедиялық туынды деуге әбден лайық. Өйткені мұнда тарих, экономика, іс басқару, мәдениет, баспасөз, ауыл адамдарының бір-біріне бауырмалдығы, қысқасы, өмірдің барлық саласы қамтылған. Шығарма Күрті ауданының құрылғанына 50 жыл толуына арналды. Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, Жетісу өңірінде осы аттас аудан ширек ғасыр өмір сүрді. 1997 жылғы қаржы дағдарысы салдарынан тарап еді.

Кітаптың идеясы мен жалпы редакциясын басқарған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Серік Үмбетов. Жаңа туындының тұсауы кесілген алқалы жиын мен озат ардагерлерді марапаттау рәсімін ұйымдастырушы да сол Серік Әбікенұлы. Зейнеткерлік демалысқа шықса да, қанына сіңген қасиетпен ауылдың көркеюі үшін аттан түспей, тер төгіп жүргені. Ол өлке шежіресінің мақсат-міндеті жөнінде: «Өткен өмір – тарих. Осының бәрін ескеріп, киелі Күрті жерінің тәлімді тарихы мен ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар жайында кітап шығаруды жөн санадық», – дейді.

Серік Үмбетовтің өзі де құт мекенге бөтен емес. Қатардағы зоотехниктен облыс әкімі, министр, депутат болғанға дейінгі саңлақ маманның өнегелі жолы осы өлкеде басталған. Шаруа жайын жетік біледі. Елмен етене. Қарымды қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналистер қауымы Серік Әбікенұлын халыққа жақын болғаны үшін құрметтейді» деуі бекер емес. Ақши жұртының ол кісіге деген ыстық ықыласына, қалтқысыз қошеметіне куә болдық.

Күртінің кешегісі мен бүгіні еңбек шежіресі іспеттес. Жарты ғасыр бұрын ауданды құрып, жемісті басқарған Бекболат Тұрысжанов, Тастан Тоқсейітов, Нүсіпжан Нұрманбетов сияқты уақытпен санаспай, күндіз-түні еңбек еткен ел ағаларының естелігін тыңдағанда осындай ой түйесің. Бұл мекен ұлт кәсібін өркендетуге қолайлы. Бес түйемен бастап, ойсыл қара санын бес мыңға жеткізген, ауылда зауыт ашып, шұбат пен түйе сүті ұнтағын өндіретін, өнімнің бір бөлігін шет елдерге жөнелтетін Сыдық Дәулетті бүкіл ел біледі. Фермер 150 жерлесін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Замануи тәсіл һәм технологиямен жабдықталған кәсіпорын шалғай мекенде де ауыл шаруашылығы индустриясын жолға қоюға болатынын көрсетті. Бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігі көкейкесті міндетке айналған қазіргі заманда табиғи тағамға сұраныс артпаса, азаймайды. Демек озық тәжірибе көпке ортақ болып жатса, импортқа тәуелді болып отырған отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуеті де күшейер еді.

Басқосуда еңбек ардагерлерінің бірі Күрті ауданының халқымыздың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың қолдауымен Алматыны азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылғанын, оны қайта қалпына келтіру керек деген ойды ортаға тастады. Тиімділік тұрғысынан қарасаң, ойланарлық ұсыныс.

Срайыл Смайыл

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр