jasqazaq.kz

Ең жас вундеркинд атанған 4 жасар қыз

12 наурыз 2019, 10:59


Ұлыбританияда төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды. Оның IQ көрсеткіші 140 балл деңгейінде, — деп жазады Lenta.ru.

Алана Джорджтың (Alannah George) ата-анасы Надин мен Эдмунданың айтуынша, қыздары кішкентай кезінен-ақ әріптер мен сандарға қызығушылық білдіріп, бөтен біреудің көмегінсіз сөздерді оқуды да үйреніп алған. «Өзі әлі кіп-кішкентай, бірақ өмірін оқусыз елестете алмайды. Оның соншалықты ақылды екенін білгенде — өзіміз де қорқып кеттік, — дейді қыздың анасы Надин. — Ол өте дарынды, алайда біз оның осыншалықты дарыны бар екеніне әлі сене алмай отырмыз». Анасының айтуынша, ол баласының ерекше дарынын 7 айлық кезінде байқаған. Алана сол кездің өзінде әріптерді атап, бір жылдан соң толық бір сөйлемді оқып, тіпті сөйлей алатын болған. Үш жасында өз бетінше оқи бастаған. Кейіннен анасы Алананың ақыл-ой дамуын тексеру үшін мамандарға барған. Тестілеудің нәтижесі 4 жасар қыздың жеті жастағы баланың деңгейінде оқи алатынын және 6,5 жастағы бала сияқты ойлау қабілетіне ие екенін көрсеткен.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда