jasqazaq.kz

Ең үздік жобалар анықталды

12 тамыз 2022, 11:26

Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор — nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day — жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті.

nFactorial Incubator — жоғары деңгейлі жас әзірлеушілер нарығына арналған 10 апталық қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау. Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 20 үздік веб-қосымшаны ұсынады.

Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-ге жуық бағдарламашы өздері ойлап тапқан 100-ге тарта қосымшаларын көпшілік назарына ұсынды. Әр қосымша бүгінгі күні қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қолыңызда смартфон болса, QR-код арқылы өзіңізді қызықтырған қосымшаның жұмысымен бірден таныса аласыз.

Жиынның ашылуында сөз алған nFactorial School бағдарламасының негізін қалаушы Арман Сүлейменовтың айтуынша, елімізде білімді де дарынды жастар өте көп. Оларға қолдау көрсету арқылы еліміздегі IT саланы биік деңгейге көтеруге болады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жастарға арналған бағдарламаның болашағы зор екенін ерекше атап өтті. Ол: «Бүгінде министрлік тарапынан да IT жобаларға қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру мақсатында көптеген қосымшалар жасалды. Еліміз цифрландыру технологиясының нәтижесін көре бастады. Сондықтан осындай бастамалардың өз нәтижесін беріп жатқанына алғыс білдіремін», — деді.

«nFactorial бағдарламасының миссиясы — ақпараттық технологиялар саласында Қазақстанның адам капиталын дамыту. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтті бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұяқбаев.

Жобаға өз бағдарламаларын ұсынған дарынды жастардың өз айтары бар.

Нұрмұхамет Өмірзақ, Астана IT университетінің 2 курс студенті:

«Менің жобам Аqyndar деп аталады. Мақсатым — қазақ ақындарының өлеңдерін көпшілікке танымал ету. Сонымен қатар мәтіннің мағынасын ашып, аннотация беру. Мысалы, қазір жастар Абайдың өлеңін жатқа оқи алғанымен, оның мағынасына терең үңіле бермейді. Ал бұл қосымшадан әрбір ақынның өлең жолдарының мағынасы тереңінен жазылатын болады. Қазір қосымшада Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері жүктелді. Алдағы уақытта танымал ақындардың қатары толығатын болады».

Аружан Амангелді, Назарбаев университетінің 3 курс студенті:

«Менің қосымшам ОQU деп аталады. Ондағы негізгі ерекшелік өзіңізді қызықтырған оқулық туралы толық мәлімет алып, тіпті оның бағасына дейін салыстыра аласыз. Қосымша сізге кітаптың ең тиімді нұсқасын ұсынатын болады. Қазір еліміз бойынша «Меломан» кітап дүкені сияқты тағы екі ірі кітап дүкені бар. Қосымша осы дүкендегі ақпараттарды жинақтап отырады. Сіз өзіңіз ұнатқан кітап туралы толық мәлімет алғаннан кейін, бірден тапсырыс сайтына кіріп кітапты сатып ала аласыз».

Айбат Ералин, информатика пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы:

«Менің бағдарламам КvalTest деп аталады. Бұл сайт мұғалімдерге арналған. Өздеріңіз білесіздер, қазір мұғалімдер біліктілігін көрсету үшін жыл сайын мемлекеттік тестілеуден өтеді. Біз бұрын бұл тестке дайындалу үшін көп уақытымызды жұмсайтынбыз. Көп ізденетінбіз. Қазір осы қосымша арқылы әр мұғалім өзінің пәні бойынша бір орында отырып-ақ дайындалады. Барлық
пәннің сұрақтары бір қосымшаға жүктелген, әрі қолжетімді. Алдағы уақытта сайттың мүмкіндіктерін көбейтіп, қосымша қызметтер қосамын».

Көрмеде 100-ден астам бағдарлама көрсетілді. Әсіресе, тарих, өнер, музыка, жол жүру ережесі, қаржы саласы, сондай-ақ танымдық қосымшалар көпшілікке ұсынылды. Жиын соңында ұйымдастырушылар бекіткен әділқазылар шешімімен ең үздік 20 жоба анықталды.

Мақпал Ноғайбаева

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты