jasqazaq.kz

Ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

28 қыркүйек 2020, 12:09


Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады.
ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан,  той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлайды. «Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», — деп жауап берді министрліктен. Еске сала кетсек елде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны тәулік бойынша азайғанымен, кейбір карантин шектеулері күшінде қалып отыр. Мәселен өткен аптада ғана екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған болатын. Нақтырақ айтқанда өткен аптада Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда 1 6 баланың коронавирус жұқтырғаны хабарланып еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде