jasqazaq.kz

Ең қарт әже өмірден озды

30 қазан 2019, 15:56

Ең ұзақ өмір сүрген, этникалық қазақ Тәнзилә Бисембееваны туған ауылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Алча кентінде жерледі. 2016 жылдан бастап ол ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанды. Бұл туралы Ресейдің Рекордтар кітабында айтылған. Бұл туралы «Российская газета» басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Тәнзилә Насиханқызы жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді. «Ол еш қиналмай өмірден озды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға кенттің барлық тұрғындары келді», — деп хабарлады Краснояр аудандық «РГ» басшысы Нұрғали Байтеміров. Екі ғасыр бұрын дүниеге келген Тәнзилә Бисембеева бірқатар тарихи оқиғалардың куәгері болған: револицияны, Екінші дүниежүзілік соғысты, СССР-дың құлағанын көрді. Ол отбасындағы сегіз баланың тұңғышы еді. Тәнзилә Бисембееваның үш ұлы, он немересі, 25 шөбересі және екі шөпшегі бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде