jasqazaq.kz

М.Әбілқасымова: Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз

12 ақпан 2019, 12:25


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзіне қатысты барлық сыннан қорытынды шығаратындығын айтты.

 ҚазАқпарат  жазғандай, бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің алдына шыққан министрден ең алдымен «Қоғамдағы наразылыққа байланысты отставкаға кетесіз бе?» деген сауал қойылған еді. Алайда министр тіке қойылған сұрақтан жалтара жауап беріп, сыннан қорытынды шығаратындығын айтып ақталды. «Біз сынды естіп тұрамыз. Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз. Жағдайды барынша жақсартуға тырысамыз. Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады», — деді ол. Сонымен қатар, министр ҚР Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше қарастырылатындығын айтты. «Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, келіп жатқан барлық ұсыныстарды жинап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинаудамыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз»,- деді М.Әбілқасымова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде