jasqazaq.kz

Емшінің салғырттығынан қолынан айырылған баланың ата-анасы жазаланады

01 шiлде 2021, 14:17

Емшінің салғырттығынан қолынан айырылған баланың ата-анасы жазаланады, деп хабарлайды liter.kz.

Маусым айында кішкентай бала велосипедтен құлап, қолын сындырған. Ата-анасы баланы емханаға емес, емшіге апарған. Содан соң баланың жағдайы нашарлап, қолын ампутациялауға тура келген болатын. Кейінірек баланың ата-анасы дәрігерлердің көмегінен бірінші рет бас тартып отырмағаны анықталды. Емші баланың үлкен ағасын емдеген, әйел өзі де сол емшіге қаралғанын, емшіні сотқа бермейтінін айтқан еді. Әйел «дәрігер» баласын емдеді деп ойлайды.

— Мен толық сеніммен екінші ұлымды оған апардым. Мен бұл емшіге сенемін, сондықтан мен оның атын атағым келмейді, — деп жазды ұлдардың анасы Instagram-да.

Бірақ есесіне әйелді жауапкершілікке тартатын болды. Бұл іске мемлекеттік құрылымдар араласпақ. Білім Вице-министрі Бибігүл Асылова ІІМ мен Маңғыстау облысының әкімдігіне балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту туралы хат жолдағанын мәлімдеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия