jasqazaq.kz

Емші бала Ербосын: Мен отырған жерге имамды жолатпаңдар

27 тамыз 2018, 15:19

«Үкілі бала», «Емші бала Ербосын» атымен танылған Ербосын Серікбаев бүгінде Ақтөбе қаласына көшіп, медицина саласына ойысып, «фельдшер» мамандығына оқып жатыр. Содан болар, ол біраз уақыттан бері сұхбат беруден бас тартып жүрген. Ал түсірілімге шақырған кезде, «мен отырған жерге имамды жолатпаңдар» деп шарт қояды екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтты.

Өз кезегінде Ербосын неліктен мұндай талап қоятынын түсіндіріп берді.

«Бір рет «Кешкі кездесуден» кейін үлкен айқай болды. Ол жерде менің айтқандарымының кейбірі дұрыс болмаған шығар. Өйткені маған беріліп тұрған нәрсе болғандықтан, неге адамдарға көмектеспеуім керек? Сол сөз менің жүрегімде тұрып қалды. Мешітте отырған, Алланы аузына алып отырған адамдар соны мойындамайды, Алланың құдіретіне сенбейды. Олар: «Көріпкелдерге, емшілерге сенбеңдер», – деп айтады. Олар көріпкел емес қой. Емшілердің емдей алатынын не алмайтынын тек Алла білсін десе, мен түсінер едім. Екіншіден, анам маған бөтен адамдардың сөзі тигенін қаламайтынын айтты. Сондықтан анам маған имамдар болмасын деп айтты», – дейді Ербосын Серікбаев.

Сондай-ақ, Ербосын өзінің мұсылман екенін, дінге көзқарасы түзу екенін айтты. Тіпті, анасы екеуі Қызыорда облысында мешіт салдырған.

«Аралдың, басқа жақтардың имамдарымен кездестім. Бір имамнан «саған жын кіріп кеткен» деген сөз естімедім. Басқа имамдар: «Ғайыпты болжама. Құранмен, қанмен емдесең, артық сөзіміз жоқ», – деді», – дейді емші бала.

Емшіге сену, сенбеу әр адамның өз еркіндегі дүние. Алайда алдына келген науқастан ақша алуды ғана көздеп, түрлі дәрілік заттар сатып, денсаулығына зиян келтірген жалған емшілер туралы да соңғы уақыттарда көп мәлімет тарап жатыр. Сондықтан барлығына бірдей сене бермеген жөн.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді