jasqazaq.kz

Эмомали Рахмон президенттік сайлауда жеңіске жетті

12 қазан 2020, 14:13

11 қазанда Тәжікстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша Эмомали Рахмон жеңді.

«Тәжікстанның қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президенттік сайлауда 90,92% дауыс жинап жеңіске жетті». Бұл туралы Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы кеше президент сайлауы өтті деп жариялады. Дауыс беруге сайлаушылардың 70% -дан астамы қатысты. Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Халықтық-демократиялық партиядан Эмомали Рахмон бесінші рет жеңіске жетті.

Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері Тәжікстанның президенті. Төрт жыл бұрын Тәжікстанның Конституциялық соты ел конституциясына Рахмонның президенттік сайлауға шексіз рет қатысуына мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады.

Тәжікстан президенті лауазымына коммунистік партиядан Абдуллоев Миродж, социалистік партиядан Гаффорзода Абдухалим, аграрлық партиядан Латифзода Рустам және экономикалық реформа партиясынан Рахматзода Рустам ұсынылды.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия