jasqazaq.kz

Емделуге келген науқас дәрігердің саусағын сындырды (Видео)

04 мамыр 2021, 22:39

Қостанайлық дәрігер араққа сылқия тойған аудан тұрғынынан жапа шекті. Аруханаға жарақатпен түскен жас жігіт, жәрдем көрсетпек болған маманға қарсылық білдіріп, оның бас бармағын сындырған. Қолтығынан жараланған науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізген көрінеді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Ішімдік удай мас науқас жол бойы медицина мамандарына сес көрсетіпті. Кейін кезекші бөліміндегі қызметкерлерге бас салып, үрейін алған. Тіпті жарақатын таңып бермек болған дәрігерді жұдырықтың астына алып, бас бармағын сындырып, ауруханадан қашып кеткен.

Эрик ҚОЯНБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Әуелі дәрігердің шашынан жұлып, ұрғысы келді. Бірақ күзетшілер оны күшпен ұстап, жарақатын таңып берді. Әйтсе де әлгі ашуға булыққан науқас дәрігердің арқасынан теуіп, жұдырық ала жүгірді.

Дәрігерге қол көтерген күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция қылмыстық кодекстің 107 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия