jasqazaq.kz

Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

17 қантар 2022, 12:15

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол туралы қосымша хабарлаймыз», — деп жазылған ресми мәліметте.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйұамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын. Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

«БАҚ және әлеуметтік желілерде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа қатысты тергеуде оның кінәлі екендігінің дәлелдемелері жоқ болуына байланысты қылмыстық істі тергеп-тескеру мерзімдерін созу туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпараттың ақиқат еместігін және оның қоғамда ағымдағы жағдай туралы қате түсінік қалыптастыруға бағытталғанын хабарлаймыз. Агенттің қылмыстық істі тергеуді осы жылдың 7 шілдесінде аяқтады, бұл туралы жұртшылыққа бірнеше рет ақпарат берілді. Осы уақыттан бастап қорғау тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Тек содан кейін іс сотқа мәні бойынша қарастырылуы үшін жолданады», — делінген агенттік хабарламасында.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр