jasqazaq.kz

Елжан Біртанов науқасты ауруханаға жатқызудағы былықтарды айтты

15 ақпан 2019, 16:55

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқасты ауруханаға жатқызудағы былықтарды ашық айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Тағы бір проблемалы мәселе — бұл стационарға түскен кезде халық тарапынан туындайтын шағымдар. Қарап шықтық, негізгі шағымдарды шұғыл, жоспардан тыс жағдайлар құрап отыр. Яғни, дөрекілеу айтсақ, бейберекеттік. Адамды қабылдау бөлмесіне алып келгеннен кейін барлығы да түсініксіз, дәлізде ұзақ күтеді, арбада жатады. Оларға ешкім қарамайды», — деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Осы ретте Е.Біртанов өткен жылдан бастап шұғыл көмек көрсетудің жаңа стандартына сәйкес 3Н-жүйесі енгізіліп жатқанын айтты. Аталған жүйе бойынша науқастарды қабылдау бөлмесі халықаралық стандарттарға сәйкес 3 аймаққа бөлінеді. «Сонымен қатар қабылдау бөлмесінде шұғыл көмек көрсететін дәрігер енгіземіз. Бұл кез келген төтенше жағдайда барлық қажетті шұғыл көмекті таяу орналасқан стационарда көрсетуге мүмкіндік береді», — деді ол. Министр еліміздің бірқатар өңірінде денсаулық сақтау басқармалары ауруханаға жатқызу тәртібі туралы заңсыз бұйрық шығарып отырғандығына назар аударды. Оның айтуынша, аталған бұйрыққа сәйкес әр күндері түрлі клиника науқастарды қабылдайды. «Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне тексеру жүргізуді, мұндай заңсыз бұйрықтар анықталған жағдайда ондай фактілерді Бас прокуратураға беруді тапсырамын. Стандартқа сәйкес шұғыл көмек таяу орналасқан көпбейінді ауруханада көрсетілуі тиіс», — деді Е.Біртанов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда