jasqazaq.kz

Елжан Біртанов коронавирус инфекциясына тесттен өтеді

22 сәуiр 2020, 13:55

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровтан өзге қызметкерлерге КВИ жұғуы мүмкін ба деген сұраққа жауап берді.

«Өздеріңізге белгілі, 30 наурыздан бастап, Денсаулық сақтау министрлігі толықтай қашықтан жұмысқа көшкен болатын. Сондықтан, министрлік ішінде дерт жұқтыру қаупі минималды, қызметкерлердің 90 пайызы үйден жұмыс істеп отыр. Жұмыста министрдің өзі (Елжан Біртанов — ред.) және 3-4 адам ғана қалды. Олардың да әрқайсысы жеке кабинетте болғандықтан, жұқтыру қаупі аз деген ойдамыз. Дегенмен, бүгін министр Елжан Амантаев коронавирус инфекциясына тест тапсырады. Нәтижесі шыққан соң, әрине хабарлаймыз», — деді Диас Ахметшәріп ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Оның айтуынша, К. Надыровпен жақын және ықтимал байланыста болғандар анықталып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру басталды.

«Соңғы күндері Камалжан Надыров министр тапсырмасымен Алматы облысында болды. Алматы қаласында емханадан ауру ошағы шығып, дәрігерлердің арасында түсініспеушілік туғанда да, К. Надыров барған еді. Әрине, қорғаныс киімін киіп, барлық талаптарды сақтады. Дегенмен, аурудың кімнен, қай жерден жұққанын анықтауымыз қажет. Ол кісі қазір қай күні қайда болғанын, кіммен кездескенін тізбектеп жазып отыр. Байланыста болған барлық адамдарға ПТР арқылы диагностика жасалады», — деді ресми өкіл.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия