jasqazaq.kz

Елжан Біртанов қызметінен босатылды

25 маусым 2020, 18:29

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресейде дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді. Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2014 жылғы мамырдан бастап — Мемлекеттік-жекеменші әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы болды. 2015 жылғы 12 қарашадан бастап – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды. 2017 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия