jasqazaq.kz

Елжан Біртанов карантинге жатқызылған адамдар жайлы айтты

05 наурыз 2020, 18:02

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзге елдерден келетін жолаушыларды Қазақстанға кіргізуді шектеу шараларына байланысты пікір білдірді.

«Шектеу болуы тиіс. Көптеген ел шектеуді енгізеді. 4 наурызда бірінші санаттағы елдерден келген шетел азаматтары үшін шектеулер енгізілді. Жолаушылар ағынын қысқарту үшін осындай нормалар күшіне енді. Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз ескерту мен қауіп-қатерге қарамай, басқа елдерге, әсіресе бірінші санаттағы елдерге шығуларын қояр емес. Әсіресе, біздің азаматтар көп баратын Оңтүстік Кореяны ерекше атап өткім келеді. Ауру кең таралып келе жатқандықтан біртіндеп шектеу шараларын енгізудеміз. Сондықтан біз алғашқы күндерден бастап азаматтарымызды бұл елдерге бармауға шақырдық. Бізді бизнеске кедергі келтірді деген сыңайда сынға алды. Бірақ бұл ұсыныстар азаматтарымызды қорғауға бағытталған», — деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында. Министрдің айтуынша, ескертуге қарамастан кетіп қалған азаматтар елге келген кезде шектеу шараларына дайын болуы тиіс. «Бұл денсаулық сақтау кодексіне сәйкес заңды қадам. Осы стандарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік те қарастырылған. Шектеулер енгізілгенімен біз әрдайым басқа елдердің әуе компанияларына ықпал ете алмаймыз. Сондықтан халықты қорғау мақсатында бізге келіп жатқан азаматтарды депортациялауға дейінгі әрекетті жасауға, жер аударуды жүзеге асыруға құқығымыз бар. Атап айтқанда, 4-і күні БАӘ-ден борт келді. Онда ҚХР-дың екі азаматы бар болып шықты. Біз оларды оқшаулап, бақылап, Қытайға жібердік. Басқа елдер де осындай шараларды қабылдауда. Бұл үйлесімді саясат», — деді министр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қосымша шараларды қабылдамақ. «Жапониядан келген жолаушылардың жағдайы туралы білесіздер. Олардың жағдайы тұрақты, жақын арада емханадан шығарылады. Сонымен қатар бүгін Оңтүстік Кореядан борт келеді. Біз оларды да карантинге орналастырамыз. Біздің клиникалардың дайындығы жақсы. Орналастырамыз, тексереміз. Егер науқастар болса, оларды мамандандырылған ауруханаларға жатқызамыз. Бізде азаматтар үшін тамақпен қамтамасыз ететін және санитарлық нормаларға сай келетін орындар жеткілікті. Карантинге жатқызған азаматтар ауру адамдар емес. Олар дені сау адамдар», — деп сендірді Елжан Біртанов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия