
Астанада ойын-сауық орталықтарының бірінде шетелдік елшінің әмияны ұрланған.
Tengrinews.kz жазғандай, ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы Алматы облысының бұрындары істі болған тұрғынын ұстады деп хабарлады. Ұрлық 17 тамызда «Керуен» ойын-сауық орталығында болған. Зардап шегуші шетелдің елшісі болып шыққан, оның қалтасынан әмиян ұрлап кеткен. Сонымен қатар Қостанай облысы Рудный қаласында бұрын істі болған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйінен «РПГ-22» гранатасы табылып, тәркіленді. Қостанайда валюта айырбастау орнында 392 мың доллар ұрлап кеткен ер адам да ұсталды. Пәтерді тінту нәтижесінде, «АК-103» автоматы мен оқтар тәркіленді.