jasqazaq.kz

Елшілік көлігін мас күйде жүргізген қазақстандық елге қайтарылды

10 қыркүйек 2018, 17:56

Литвада Қазақстан елшілігінің автокөлігін мас күйде жүргізген ер адамды ұзақ мерзімді дипломатиялық миссиясынан кері қайтырып, Астанаға жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«7 қыркүйекте Литваның жол полициясы рейд барысында Toyota Avensis автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Қазақстанның Литвадағы елшілігінде техникалық қызметкер, яғни жүргізуші механик басқарған. Тексеру барысында оның қан құрамында алкоголь мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткені анықталған. Полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, қызметкерді жіберген», — деді Смадияров. Оның айтуынша, қызметтік көлікті елшілік территориясына қазақстандық дипломат жеткізген. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасы немесе басқа да жол ережелерін бұзу және бұзақылық әрекеттер туралы полиция тарапынан көрсетілмеген. «Осы қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша шешім шығарылады. Қазіргі уақытта ол ұзақ мерзімде шетелдік іссапардан Астанаға қайтарылды», — деді ол. Еске сала кетейік, Қазақстанның 32 жастағы азаматының Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді