jasqazaq.kz

Елші Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайын айтты

16 сәуiр 2019, 16:11

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігі бірнеше жыл бұрын Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жайлы айтып берді.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы баяндады.

«Болат Қадырұлы (Болат Сырлыбаев — консул) екі айда бір рет Ақжарқын Тұрлыбайға барып тұрады. Ол барған сайын өз қалтасынан қажеттілігіне, кітаптар мен ұсақ-түйекке ақша беріп тұрады. Бізде бюджетте бұған қаржы қарастарылмаған. Бізде Сыртқы істер министрлігінің шешімімен оқыс оқиға болғанда, ешкім бұған қаржы бөле алмаған жағдайда ғана ақша төленеді, бірақ ол кейін қайтарылады. Ал бұндай нәрсеге қаражат қарастарылмаған. Сондықтан біз өзіміз ақша жинауға мəжбүрміз», — деді елші Қытайда баспасөз турымен жүрген қазақстандық журналистермен кездесуде.

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Болат Сырлыбаев екі апта бұрын Ақжарқын Тұрлыбаймен кездескенін айтты.

«Қазір Ақжарқынның денсаулығы жақсы. Ол ағылшын тілін оқып жүр, өткенде ағылшын тілі кітаптарын сұраған, соларды апарып бердім. Ата-анасының фотосуреттері мен хатын апардым. Ол қытай тілін оқып алды. Бұрын ол қытайша сөйлей ғана алатын, қазір жазуды да үйренді. Анасы 1,5 жыл бұрын Қытайға сотқа келген болатын», — деді Болат Сырлыбаев елшіліктегі кездесуде.

Ал елшінің айтуынша, қазір қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның Қазақстаннан шығуына ықпал еткен адамдардан қосымша жауап алынуда. Егер осы материалдар уақытында дайын болса, Қытайдың құқық қорғау органдары, Қытай соты бұл материалдарды зерттеп, содан кейін үкім шығаруы тиіс.

Консулдың мəліметінше, Ақжарқын Тұрлыбайдың көңіл-күйі жаман емес. Қазір ол 25 адамдық камерада жазасын өтеп жатыр. Күндіз жұмыс істейді, тігін тігеді, бос уақытында кітап оқиды.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда