jasqazaq.kz

Елорданың ұрысы осындай әдіске көшкен

16 шiлде 2019, 14:12


Астаналық полицейлер аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерден 8 млн теңгенің бұйымын қолды еткен 23 жастағы жігітті ұстады.

ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  Анықталғандай, ата-анасы үйде жоқ кезде 10 жасар бала аулаға доп тебуге шығады. Мән-жайға қанық болған жігіт баланың сөмкесінен кілтті алып, пәтерге кірген де, зергерлік бұйымдар мен компьютер техникаларын қолды еткен. Полицейлер үш күнде күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Полицейлер ломбардқа тапсырылған заттарды алып, иелеріне қайтарып берді. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде