jasqazaq.kz

Елордалық жігіт «хатшы қыздар» туралы бар шындықты айтты

26 қазан 2018, 13:01

Астаналық азамат елордадағы «хатшы қыздар» туралы бар шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жас қыздар жұмысқа тұрып, қызметін өсіру үшін бастықтың «көңілін табудан тайынбайтын» көрінеді .

365info.kz жазғандай, елордалық Арман есімді (авт. аты-жөні өзгертілді) жігіт бұрындары Астанадағы белді кәсіпкердің жүргізушісі болғанын айтты.   Айтуынша, бай бастығына қызмет еткен ол ауқатты адамдардың «хатшы қыздармен» қалай көңіл көтергендігін талай рет көріпті.

«Астаналық секретаршалардың жұмысқа қалай тұратынын білеміз. Несін жасырайын, кезінде ауқатты бір кәсіпкердің жүргізушісі болдым.   Әрине, біреудің жеке өміріне сұқтанғаным емес, бірақ сол жылдары талай «қызықтарды» көрген едік. Бастығым балажан, керемет адам болды.

Ол кісінің көлденең жүргенін байқамаппын. Бірақ араласатын достары, таныстарын талай рет өздерінің қол астындағы хатшы қыздармен көңіл көтерітінін көргенмін.   Байларда ақша жетеді ғой? Алдымен қымбат мейрамханаға барады, сосын, қонақүйге, не болмаса осындағы пәтерлеріне барады.

Ол аздай, осылай біз сияқты жүргізушілеріне сол қыздарды анда-сында тасытып қояды. Солардың осындай ит тірлігін көріп, жұмыстан шығып та кеттім.  Қазір өкінбеймін, біреуден кем, не артық емеспін. Бірнеше жерде жұмыс істеймін, арасында осылай жолаушы тасуға да шығып тұрамын», — деп баяндады ол әңгімесін.

Сонымен бірге ол «хатшы» қыздардың біреудің отбасын ойран етіп қана қоймай, қызметте өсуді көздейтінін айтты.  «Байларға не жетпейтінін түсінбейсің? Әйелдері, балалалары бар, жағдайлары бар, содан артық не керек?

Жоқ, жаңағыдай жас қыздарды хатшы қылып алады да, шаңырақтарын ойран етіп жатады. Ондай қыздар жай «секретарша» болып отырмайды, сосын бір бөлімнің бастығы болғанда, тіпті шалқаңнан түсе жаздайсың.

Менің бұрынғы қожайынымның дәл сондай досы болған. Үш баласы бар әйелімен ажырасып, өзінің хатшы қызына үйленді. Ата-анасы да бәрі қарсы болды.  Оған амал нешік, әлгі қыз дегеніне жетті. Осындайда байлықтың да, ақшаның да керегі жоқ деп қаласың.   Қарапайым отбасылар сияқты несие төлеп, тыраштанып пәтерге ақша жинап, бала-шағаңның қызығын қызықтағанға ештеңе жетпейді», — деді ол.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді