jasqazaq.kz

Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде

21 қараша 2020, 14:54

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылысы кезінде зардап шеккен 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде.

«Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. 20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаменті КУНГ-көлігі мен автобус жіберді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды: 24-51-71, 24-51-47.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия