jasqazaq.kz

Елордадағы тұрғын үй кешенінде жезөкшелер притоны болған

18 қараша 2020, 16:17

Елордада аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және әшкерелеуге бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғаушылар 4 жеңгетай мен интимдік қызмет көрсететін 36 қызды ұстады. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы (жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жай беру) және 449-бабымен (қоғамдық орында тиісу) 6 әкімшілік хаттама толтырылды. «Мәселен, полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы барысында 2 әйелді ұстады. Олардың бірі бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдіктілер 30 мыңге сыйақы үшін клиентке интимдік қызмет көрсететін қызды жеткізіп берген», — деді ведомстводан. Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру, оны ұстау және жеңгетайлықпен айналысу күдігімен елорданың 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған азаматша 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсететін қыздар мен клиенттерге жеңгетайлық жасап отырған.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия