jasqazaq.kz

Елордадағы блокпостар қашан алынады?

26 мамыр 2020, 16:51

Елордаға кіріп, шығатын жолдардағы блокпостар әзірше алынбайды. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«Біз үш бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі — сыртқы шекараның жабылуы. Алғашқы вирустың шетелден келгендігін және содан кейін барып таралғандығын ескере отырып халықаралық рейстер тоқтатылды», — деді ол.

Елорда әкімінің айтуынша, екінші бағытта ішкі шекаралар, яғни, өңіраралық шекараларды жабу жұмыстары қолға алдынды.

«Қазіргі уақытта әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі екендігін көріп отырмыз және блокпостардың арқасында өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік ара қашықтық режимін қамтамасыз етіп, вирусты оқшаулай алдық», — деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, үшінші бағытта қалада орамішілік бақылауды күшейту жұмыстары жүргізілді. Бұл да вирустың таралуына қатысты жағдайды бақылауғаалуға мүмкіндік берді.

«Маусым айында темір жол қатынасы қайта жанданатын болады. Осыған орай блокпостқа қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ, мамыр айының соңына дейін блокпостарды алмаймыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық