jasqazaq.kz

Елордадағы бақта банан мен апельсин өсіп тұр

21 ақпан 2019, 17:01

Астанада банан ағашы гүлдеп, апельсин өсе бастады. Өткен жылы ғана қолданысқа берілген ботаникалық бақтағы өсімдіктердің бұл алғашқы жемісі.

Оның ішінде біздің өңірге таңсық банан, кумкват, ананас, апельсин сияқты экзотикалық жемістер бар. Бұған қоса енді елорданың қақ ортасынан құрма пальмасы, корольдік пальма және ваниль де өнім береді деп күтіліп отыр. Жылыжай қызметкерлері болса бұл жерге қала қонақтары мен тұрғындарының келіп тропикалық өсімдік әлемімен жақын танысуға мүмкіндік жасамақ. Бұнда бас-аяғы 2 мың ағаш өсіріліп жатыр. Арнайы экскурсиялар алдағы көктемде ұйымдастырыла бастайды.

Гүлнар Ситпаева, ботаника және фитожерсіндіру институтының бас директоры:

— Елімізде осындай республикалық деңгейдегі 6 ботаникалық бақ бар. Оның ішінде Астанадағы орталықтың ерекшелігі – заманауи технологиялардың қолданылуы. Соның арқасында өсімдіктерге жайлы климаттық жағдай жасалып, жақсы жеміс алынып жатыр. Енді отандық мамандар осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыра береді.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда