jasqazaq.kz

Елордадағы атыста жараланған азаматтардың жағдайы белгілі болды

27 тамыз 2019, 11:28


Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп жарақат алған азаматтардың денсаулығына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ауруханаға жеткізілген азаматтарда айтарлықтай жарақат жоқ. Оларды мамандар тексергеннен кейін амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберді. Олардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмады», — деп атап өтеді басқарманың баспасөз қызметінен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 25 тамыз күні Жедел басқару орталығына Маман көшесінде атыс болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайға көз жеткізді. Бір топ адам жанжалдасып, ашуға булыққан біреуі басқаларға қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 4 адам жараланды. Оның біреуі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырған. Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынған. Аталмыш іске қатысы бар барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде