jasqazaq.kz

Елордадағы атыс: 4 адам жараланып, біреуі көз жұмды

27 тамыз 2019, 0:13

ІІМ және Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бір тәулік ішінде бір-біріне оқ атып, ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді.

«25 тамыз күні Жедел басқару орталығына Маман көшесінде атыс болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайға көз жеткізді. Бір топ адам дауласып, ашуға булыққан бір топ бірнеше адамға қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 4 адам жараланды. Оның біреуі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырған» делінген хабарламада. Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынған. Аталмыш іске қатысы бар барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқ атылған қару-жарақ табылып, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мән-жайды анықтау кезінде оқиға қатысушылары арасындағы жанжал дұшпандық қарым-қатынас негізінде туындағаны белгілі болды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде