
«Астана LRT» елордада үш автобустардың апатынан мерт болғандар туралы ақпаратты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаза болғандардың бірі — ол бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр. Яғни автобус жүргізушісінің көліктердің соқтығысуы кезінде немесе апатқа дейін көз жұмғандығы белгісіз болып тұр», — деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева. Оның сөзіне қарағанда, мерт болған адамның аты-жөні және оның қай автобуста отырғандығы нақтыланып жатыр. Айта кетейік, әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан қала маңы бағдарындағы № 303 автобус қатты жылдамдықпен тоқтап тұрған автобусқа соғылғаны айқын көрініп тұр.