jasqazaq.kz

Елордада жолдарды сусабынмен жуа бастады (видео)

09 сәуiр 2019, 12:24

Нұр-Сұлтанда жолдарды сусабынмен жуа бастады. Бұл туралы елорда әкімі Бахыт Сұлтанов мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бахыт Сұлтанов Facebook желісіндегі парақшасында қаладағы жолдарды бірінші рет арнайы жуғыш құралдармен тазартылатынын мәлімдеді. «Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал — жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», — деп жазды қала әкімі. Сұлтановтың айтуынша, Бұл сусабынды коммуналдық қызметтердің пайдалануы жол сапасын және біздің жүргізушілеріміздің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. «Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол сусабын қоршаған ортаға зиянсыз. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады», — деп қорытындылады Бахыт Сұлтанов.

https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov/videos/1538747259589921/?t=0

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда