jasqazaq.kz

Елордада жол қиылысында билеген ер адам ұсталды

13 тамыз 2021, 12:02

Елордадағы Сейфуллин және Жангелдин көшелерінің қиылысында мас күйде билеп, жүргіншілерге кедергі келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол қиылысында би билеп, ел назарын өзіне аударған 33 жастағы жігіт екені анықталды. Оның бұл әрекеті қиылыстағы жол қозғалысын бақылау үшін қойылған бейнекамераға түсіп қалған. «Елорданың 33 жастағы тұрғыны өз әрекетімен жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірді. Мас бишіні патрульдік полиция жасағы келгенге дейін жүргізушілердің бірі жол жиегінде ұстап тұрған. Тәртіп бұзушы полиция басқармасына жеткізілді. Қоғамдық орында мас жүргені үшін және жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 615 және 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері қала тұрғындарынан осыған ұқсас тәртіпсіздіктерге кез болса, бірден «102» нөміріне хабарласуды сұрап отыр.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия