jasqazaq.kz

Елордада жас жігіт сауда орталығындағы 2-қабаттан субұрқаққа секіріп кетті (Видео)

06 желтоқсан 2021, 10:52

Елорданың 19 жастағы тұрғыны сауда орталығының субұрқағына 2-қабаттан секіріп түскені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына полицейлерге «Mega SilkWay» сауда орталығының субұрқағына екінші қабаттан жас жігіт секіргені туралы хабарлама түскен.

«19 жастағы жігіт достарымен бәстесіп, бірінші қабатта орналасқан субұрқақтың ішіне секіріп кеткен. Орталыққа келушілер қауіпті әрекеттің еріксіз куәгері болды. Жас жігітті сауда орталығының күзетшілері ұстап, шақыртумен жеткен полиция қызметкерлеріне тапсырды», — делінгент ПД хабарламасында.

Құқық бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Тұрғынның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың бұрын Алматы метросында қатты музыка қосып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық