
Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.
10 мамырда сағат 18.40-та «102» желісіне жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.
«Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ншы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tengrinews.kz