jasqazaq.kz

Елордада жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

04 қараша 2020, 17:38

Елордадағы Мәңгілік ел көшесінде жалған мемлекеттік нөмір тағып алған «Toyota Estima» көлігі ұсталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Анықталғандай, елордада ұсталған автокөліктің нөмірімен бірдей көлік Атырау қаласында ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істен өтіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Атыраудағы жүргізушінің жол ережесін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өлімі болған. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері астанада ұсталған көліктің «егізі» айыппұл тұрағынан шықпаған. Біршама уақыттан кейін Атырау қаласында тұратын азаматқа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы хат келе бастапты. Осыдан кейін көлік иесі полицияға арыз түсірген. Елордада ұсталған жүргізушінің көлігі коммуналдық айыппұл тұрағына жеткізілді. Қазір істің толық мән-жайы анықталуда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия