jasqazaq.kz

Елордада жалған арыз берген бойжеткен жауапқа тартылуда

11 ақпан 2020, 15:44

Елорда тұрғыны ұялы телефонының жоғалып кеткенін айтып, полицияға негізсіз арыз жазған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» аудандық полциия басқармасына 24 жастағы бойжеткен шағымданып, қалаішілік автобустың ішінде 89 мың теңгелік «Huawei P Smart» ұялы телефонын қалтасынан біреудің жымқырып кеткенін айтқан. Істің мән-жайын анықтау кезінде полицейлер бойжеткеннің сөзінде шикілік барын сезді. Күдіктіні анықтау үшін полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы жәбірленушінің өзі айтқан автобусқа отырмағанын білді», — деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінен. Ақыры бойжеткен полицияға жалған арыз бергенін мойындаған. Анығында ол достарымен қыдырып жүріп, ұялы телефонын жоғалтып алған көрінеді. «Арыз жазсаң тезірек тауып береді» деген достарының ақылын тыңдап, бойжеткен өтірік арыз жазуды жөн деп шешкен екен. Енді арыз жазуға келген бойжеткеннің өзі ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия