jasqazaq.kz

Елордада жалған ақша жасаушы ұсталды

03 наурыз 2020, 18:01

Елордада жалған қағаз ақшаларды өткізудің 30-дан астам фактісі анықталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті екінші тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаламызда қажетті техниканы сатып алып, өз үйінде қағаз ақша жасаумен тұрақты айналысып келген азамат ұсталды. Жалған қағаз ақшалар ҚР Ұлттық банкі банкноттарына барынша ұқсас. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалған ақшаларды қала аумағында өткізудің 34 фактісін анықтадық», — деді ол. Оның атап өтуінше, қағаз ақшаны қолдан жасаған адамның кінәсін толық дәлелдейтін барлық айғақтар жиналған. «Бұлтартпайтын айғақтар жиналды. Олар: куәгерлердің жауабы, бейне бақылау камералары, сатушылар. Аталған адам ісі сотқа жіберілді. Ол бас бостандығынан айырылды. Ақша қаражаттарын қолданған кезде олардың жаңартылып отыратындығын ескерген жөн. Ұлттық банк тарапынан көзделген қауіпсіздік шараларына назар аудару қажет», — деді Олжас Сүлейменов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі