jasqazaq.kz

Елордада ұры тұрғын үйдің азық-түлігіне дейін «сыпырып» кеткен

11 желтоқсан 2020, 13:29

Елордада күдікті тұрғын үйдегі қымбат заттармен қатар азық-түлікті де «сыпырып» кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, елордадағы Жалын көшесін патрульдеу кезінде полицейлер қолында екі тоны бар мас адамды байқап қалған. Ол тұрғын үйден ұрлық жасағанын мойындады. Тәртіп сақшылары 31 жастағы күдіктінің құлыпты бұзып, үйдің үш бөлмесінен тоңазытқыштағы азық-түлікке дейін барлық затты шығарғанын анықтады. Ұрланған мүліктің көп екенін және оны жалғыз алып кете алмайтынын түсінген ер адам оларды көшеде қар астына жасырған. Сөйтіп ол компьютер мониторын, процессор, пернетақта, теледидар, тіпті тамақты да жасырып үлгерген. Күдікті қаракүзен мен ақ түлкі терісінен жасалған тондарды ғана өзімен бірге алып жүрген. Оларды жақын жердегі ломбардқа тапсырмақ болған, алайда оны полиция ұстап алды. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттарды полиция тауып алып, иелеріне қайтарып берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия