jasqazaq.kz

Елордада төтенше жағдай талаптары күшейтілді

30 наурыз 2020, 10:23

Бүгіннен бастап, елордадағы төтенше жағдай күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24». Шаһардағы барлық мекеме мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Тек, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне жауапты кәсіпорындар ғана өз қызметін жалғастырады. Медицина, полиция және әскери саланың мамандары да күшейтілген тәртіпте еңбек етеді. Сондай-ақ салынып жатқан нысан маңында жатақханасы бар құрылыс компаниялары жұмысын тоқтатпайды. Яғни, жұмысшылары қалаға шықпайтын кешендерде құрылыс жалғаса береді. 6 сәуірге дейін астанадағы барлық қоғамдық көлік тоқтатылды. Медициналық саланың ғана автобустары жүреді. Жұмысы жалғаса беретін өзге мекемелер қызметкерлерін көлікпен тасуды қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорындар жұмыс орындарында сағат сайын дезинфекция жүргізіп, әрі қызметкерлер санын қысқартқаны жөн. Елорда тұрғындары далаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін ғана шығады. Бұл шектеу сенбіден бастап енгізілді. Шаһардағы саябақтар, жағалау мен көпшілік жүретін жолдар және балалардың ойын алаңдары толық жабылды. Кәмелеттік жасқа болмаған жеткіншектерге де жалғыз жүруге болмайды. Карантин тәртібіне бағынбай, көшеге себепсіз шыққандар да жоқ емес. Қаладағы төтенше жағдай талаптарын бұзған 164 адам ұсталды. Олардың 68-не әкімшілік хаттама толтырылды. Өзгесі қатаң ескерту алды. Карантин ережесін бұзған азаматтарға айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамалатынын айта кетейік. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)